2.3 Күту менен тазалау
Назарыңызда болсын!
Жарақат алу өрт қаупі және
құрылғыны бүлдіріп алу қаупі бар.
• Құрылғыны жөндеу алдында электр желісінен ағытып ашасын розеткадан суырыңыз.
• Құрылғының салқын тұрғанына көз жеткізіңіз Шыны панелі сынып қалуы мүмкін.
• Есіктің шыныларына зақым келсе дереу ауыстырыңыз Қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
• Құрылғының есігін алған кезде абай болыңыз Есіктің салмағы ауыр!
• Құрылғының қаптамасының сапасы түспес
үшін мезгіл-мезгіл тазалаңыз.
• Құрылғының ішінде қалған майдың немесе тағамның қалдығынан өрт шығуы мүмкін.
• Құрылғыны дымқыл жұмсақ шүберекпен тазалаңыз Тек бейтарап тазартқыш заттарды қолданыңыз Жеміргіш заттарды түрпілі жөкені еріткіштерді немесе темір заттарды пайдаланбаңыз.
• Тұмшапеш бүріккішін қолдансаңыз оның
орамында көрсетілген сақтық шараларын орындаңыз.
• Каталитті эмаль қаптаманы (егер бар болса) ешбір жуғыш затпен тазаламаңыз.
• Оттықтарды ыдыс жуғыш машинада жумаңыз.
2.4 Ішкі жарық шамы
• Осы құрылғыда тұрмыстық құрылғыларға
ғана арналған жарықтама шам немесе галоген шамы қолданылған Оны бөлмені
жарықтандыру үшін қолданбаңыз.
Назарыңызда болсын!
Электр қатеріне ұшырау қаупі бар.
• Шамды ауыстырар алдында құрылғыны тоқтан ажыратыңыз.
• Техникалық параметрлері сай келетін шамдарды ғана қолданыңыз.
2.5 Құрылғыны тастау
Назарыңызда болсын!
Жарақат алу немесе тұншығып қалу
қаупі бар.
• Құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз.
- Қуат сымын кесіп алыңыз да қоқысқа тастаңыз.
• Балалар мен жануарлар құрылғыға
қамалып қалмас үшін есіктің бекітпесін алыңыз.
2.6 Қызмет көрсету
• Құрылғыны жөндету үшін тұтынушыларға
қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Фирмалық қосалқы бөлшектерді ғана
қолдануды ұсынамыз.
ҚАЗАҚ
Инструкция по эксплуатации Electrolux EKG54100OX — страница 7
Инструкция для Инструкция по эксплуатации Electrolux EKG54100OX на русском языке. Документ можно использовать для ознакомления с информацией, относящейся к данной модели.
Инструкция представлена в формате PDF, просмотр, скачивание на компьютер, смартфон бесплатно. Возможность печати зависит от используемой программы и настроек устройства. Содержание, структура и объём документа могут различаться в зависимости от модели, версии и редакции руководства. Перед использованием рекомендуется убедиться, что инструкция соответствует вашей модели.