• Тетікті ең үлкен қалпынан ең кіші қалпына дейін жылдам бұраған кезде жалынның
өшіп қалмайтынына көз жеткізіңіз.
• Ыдыстардың шеңберлердің ортасына орнатылғанына және пісіруге арналған беттің жиектеріне жабысып қалмайтынына көз жеткізіңіз.
• Құрылғымен бірге жеткізілген керекжарақтарды ғана қолданыңыз.
• Оттыққа жалын шашыратқышты орнатпаңыз.
Назарыңызда болсын!
Өрт немесе жарылыс шығу қаупі бар.
• Тоңмайларды немесе майды қыздырған кезде тұтанғыш бу пайда болады Тоңмайға немесе майға тамақ пісірген кезде қызған заттарды немесе оттың жалынын алыс
ұстаңыз.
• Қатты қызған майдан бөлініп шығатын бу кенет жарылыстың орын алуына себеп болады.
• Құрамында тағам қалдықтары бар
қолданылған май бірінші рет қолданылып отырған майға қарағанда төмен температурада өрт пайда болуға әкелуі
мүмкін.
• Тұтанғыш заттарды немесе ішіне тұтанғыш зат салынған дымқыл заттарды
құрылғының ішіне қасына немесе үстіне
қоймаңыз.
• Есікті ашқан кезде құрылғыға от жарқылын немесе ашық отты жақындатпаңыз.
• Құрылғының есігін абайлап ашыңыз.
Алкоголь қосылған қоспаларды
қолданғанда ауа мен алкоголь қоспасы пайда болуы мүмкін.
Назарыңызда болсын!
Құрылғыны бүлдіріп алуыңыз мүмкін.
• Құрылғының эмаль қаптамасы бүлініп немесе өңі кетпес үшін:
– Пештің ыдыстарын немесе басқа заттарды құрылғының табанына тура
қоймаңыз.
– Алюминий жұқалтырды құрылғының
табанына тура қоймаңыз.
– суды ыстық құрылғыға тура қоймаңыз.
– тамақ пісіріп болғаннан кейін дымқыл ыдыс пен тағамды құрылғының ішінде
ұстамаңыз.
– керек-жарақтарды алғанда немесе орнатқанда абай болыңыз.
• Құрылғының эмаль қаптамасының түсінің
өзгеруі құрылғы жұмысына әсер етпейді.
Бұл кепілдік заңына сәйкес
қарастырылатын ақаулық емес.
• Сулы қоспадан жасалған тортты пісіру үшін шұңғыл табақты қолданыңыз Жеміс шырындарынан кетпейтін дақ қалуы мүмкін.
• Басқару панеліне ыстық ыдыс қоймаңыз.
- Ыдысты ішіндегісі сарқылғанша
қайнатпаңыз.
• Құрылғының үстіне зат немесе ыдыс құлап кетуге жол бермеңіз Құрылғының бетіне зақым келуі мүмкін.
• Пісіру алаңдарын бос ыдыс қойып немесе ешбір ыдыс қоймай іске қоспаңыз.
• Құрылғының үстіне алюминий жұқалтыр
қоймаңыз.
• Құйылған шойын алюминий немесе астына нұқсан келген ыдыстар шыны керамика бетке сызат түсіруі мүмкін Бұндай заттарды құрылғының бетінде үнемі көтеріп жылжыту керек.
Қақпақ
• Қақпақтың техникалық сипаттамасын
өзгертпеңіз.
• Қақпақты мезгілімен тазалаңыз.
- Қақпақтың бетіне нәрсе шашыраған кезде ашпаңыз.
• Қақпақты жабар алдында оттықтардың
барлығын сөндіріңіз.
• Пештің үсті мен тұмшапеш әбден суымайынша қақпақты жаппаңыз.
• Шыны қақпақ (егер бар болса) жарылып кетуі мүмкін.
Газды гриль
Назарыңызда болсын!
Өрт және күйіп қалу қаупі бар.
• Тағам қойылған тұмшапеш сөресін ең
үстіңгі деңгейге қоймаңыз.
Инструкция по эксплуатации Electrolux EKG54100OX — страница 6
Инструкция для Инструкция по эксплуатации Electrolux EKG54100OX на русском языке. Документ можно использовать для ознакомления с информацией, относящейся к данной модели.
Инструкция представлена в формате PDF, просмотр, скачивание на компьютер, смартфон бесплатно. Возможность печати зависит от используемой программы и настроек устройства. Содержание, структура и объём документа могут различаться в зависимости от модели, версии и редакции руководства. Перед использованием рекомендуется убедиться, что инструкция соответствует вашей модели.