
• Егер құймақ пісіргіштегі құймақ піспей қалса, бірақ, шеттерінің кепкеніне
қарамастан, аудару кезінде құймақ жыртылып жатса, бұл қамырда
ұнның аз болғанын білдіреді.
• Құймақ сарғая бастағанда, оны ағаш күрекшенің (8) көмегімен екінші
жағына аударыңыз.
• Құймақшаның беті сарғыш-қоңыр түсті болғанда, оны (8) пісіру бетінен
(1 немесе 2) ағаш күрексі көмегімен алыңыз.
• Құймақ тым қатты қуырылған болса, келесі құймақты дайындау үшін
қуыру температурасын сәл төмендетіңіз.
• Аспаппен жұмыс аяқталғаннан кейін термостатты (4) «0» күйіне
орнатыңыз. Айырын розеткадан шығарып, аспап толық суығанша
күтіңіз.
• Аспап толық суыған соң, алынбалы панельдің (1 немесе 2) шетінен екі
қолыңызбен ұстап, жоғары қарай тартып, аспаптың қыздыру бетінен
шешіп алыңыз.
• Алынбалы панельді (1 немесе 2) абразивті заттарды қолданусыз жуғыш
құралдармен тазалап, содан кейін панелді (1 немесе 2) қайтадан
қыздыру бетіне орнатыңыз.
• Аспаптың корпусын ылғалды матамен сүртіңіз, содан кейін құрғатып,
жинап қойыңыз.
Назар аударыңыз!
Құймақтарды пісіру үдерісі кезінде оларды қуырудың әртүрлі дәрежесін
таңдауға болады.
Құймақтардың қуырылу дәрежесін термостаттың “Light” (барынша аз
қыздыру) немесе “Dark” (барынша көп қыздыру) белгілерінің арасындағы
ауқымға орнатып, термостаттың көмегімен реттеуге болады.
Назар аударыңыз!
Құймақтарды қыздыру тілімшесінен (1 немесе 2) алу үшін өткір немесе
кесетін заттарды пайдаланбаңыз, себебі бұл аспаптың күйікке қарсы
бетін зақымдауы мүмкін. Тек ағаш күрекшені ғана пайдаланыңыз.
Назар аударыңыз!
Қажет болса әрбір пісіру алдында қыздыру пластинасын аздап маймен
майлап отырыңыз.
www.smile.su
25
KAZ