
IM013
www.scarlett.ru SC-MS95006
KZ ЖАБДЫҚ НҰСҚАУЫ
• Құрметті сатып алушы! SCARLETT сауда таңбасының өнімін сатып алғаныңыз үшін және біздің
компанияға сенім артқаныңыз үшін Сізге алғыс айтамыз. Іске пайдалану нұсқаулығында суреттелген
техникалық талаптар орындалған жағдайда, SCARLETT компаниясы өзінің өнімдерінің жоғары сапасы мен
сенімді жұмысына кепілдік береді.
• SCARLETT сауда таңбасының бұйымын тұрмыстық мұқтаждар шеңберінде пайдаланған және іске
пайдалану нұсқаулығында келтірілген пайдалану ережелерін ұстанған кезде, бұйымның қызмет мерзімі
бұйым тұтынушыға табыс етілген күннен бастап 2 (екі) жылды құрайды. Аталған шарттар орындалған
жағдайда, бұйымның қызмет мерзімі өндіруші көрсеткен мерзімнен айтарлықтай асуы мүмкін екеніне
өндіруші тұтынушылардың назарын аударады.
ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ
• Аспапты пайдалану алдында оның зақымдалу жағдайын болдырмау үшін осы нұсқауды ықыласпен оқып
шығыңыз. Дұрыс пайдаланбаған кезде аспаптың бұзылу жағдайына әкеліп, тұтынушы денсаулығына зиян
келтіріп, материалдық залал келтіру мүмкін.
• Осы Пайдалану нұсқауына сәйкес тек қана тұрмыстық мақсаттарда қолданылады. Аспап өнеркәсіпте
қолдануға арналмаған.
• Бөлмелерден тыс немесе ылғалды орындарда пайдаланбаңыз.
• Дене, жүйке не болмаса ақыл-ой кемістігі бар, немесе осы құрылғыны қауіпсіз пайдалану үшін тәжірибесі
мен білімі жеткіліксіз адамдардың (соның ішінде балалардың) қауіпсіздігі үшін жауап беретін адам
қадағаламаса немесе құрылғыны пайдалану бойынша нұсқау бермесе, олардың бұл құрылғыны
қолдануына болмайды.
• Қоректену баусымы зақымдалған сондай-ақ сұйықтықтарға түскен немесе басқа да зақымдалуға ұшыраған
аспапты қолданбаңыз.
• Балалар бар жерде аспапты ұқыпты пайдалануды бақылаңыз.
• Аспапты бақылаусыз қалдырмаңыз.
• Құрылғыны өз бетіңізше жөндеуге талпынбаңыз. Олқылықтар пайда болса жақын арадағы сервис
орталығына апарыңыз.
• Егер бұйым біршама уақыт 0ºC-тан төмен температурада тұрса, іске қосар алдында оны кем дегенде 2
сағат бөлме температурасында ұстау керек.
• Өндіруші бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс өнімділігі мен жұмыс мүмкіндіктеріне түбегейлі әсер етпейтін
болмашы өзгерістерді оның құрылмасына қосымша ескертпестен енгізу құқығын өзінде қалдырады.
ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
БАТАРЕЙКАЛАРДЫ ОРНАТУ
• Құрылғын қоректену үшін АА (1,5В)түрлі 2 батарейка қажет (жинаққа қосылмаған).
• Электр қозғалтқыштың корпусындағы батарейкаларға арналған бөліктің қақпағын ашыңыз да қарама-
қарсылық полярлықты сақтай отырып, батарейкаларды салыңыз.
• Жылдамдықтардың ауыстырып-қосқыштарын талап етілген деңгейге орнатыңыз.
ЖҰМЫС
• Саптаманы орнату үшін, оны ұяға салыңыз, ал оны алу үшін – оны алып шығыңыз.
• Саптамаларды орнату немесе оларды алған жағдайда аспап желіден ағытылғанын анықтаңыз
(ауыстырып-қосқышы "0" деңгейі).
ТЕГЕРІШ/ БҰДЫР БЕТТІ ТЕГЕРІШТЕР
• Бұлар/Бұл тегеріштер/тегеріш арналған/табанның дөрекіленген терісін алу үшін арналған.
• Қатты дөрекіленген теріні кетіруге ең кедір-бұдырлы тегеріш қолданыңыз. Дөрекіленген тері сыпайы кетіру
үшін кедір-бұдыры кемірек тегерішті қойыңыз.
• Дөрекіленген тері учаскелеріне тегерішті сәл қысыңыз да құралды алға және артқа жылжыта оларды
өңдеңіз.
ЖЫЛТЫРАТУҒА АРНАЛҒАН ТЕГЕРІШ
• тегеріш тырнақтарды маникюрден кейін ақырғы өңдеуге арналған.
ҮЛКЕН КОНУСТЫ САПТАМА
• Жуан тырнақтарды өңдеу үшін арналған.
МАНИКЮРГЕ АРНАЛҒАН КІШІ ЦИЛИНДРЛІ САПТАМА
• Тырнақтарды майда өңдеуге және олардың айналасындағы теріні кетіруге арналған.
ПЕДИКЮРГЕ АРНАЛҒАН КІШІ КОНУСТЫ САПТАМА
• Тырнақтардың айналасындағы өрескел теріні кетіруге және аяқтардың саусақтарындағы өсіп кеткен
тырнақтарды өңдеуге арналған.
арналған ұя
айырып-қосқышы
бөлік қақпағы