
IM010
www.scarlett.ru SC-440
20
• Аспап асқын қызудан қорғау құралымен жарақталған. Асқын қызып кеткен кезде құрылғы автоматты түрде
өшіп қалады. Мұндай жағдайда оны желіден ажыратып, əбден суығаннан кейін ғана жұмысын қайта
жалғастырыңыз.
• Блендерге салынатын азық өнімдері жұмыс кезінде шараға 1000 мл белгісінен асыра толтырылмауға тиіс.
• Жұмыс барысында аспаптың өткір элементтерін ұстауға тыйым салынады. Жұмыс
кезінде шараның үстіне
еңкеймеңіз. Азық өнімдерін тықпалау үшін жинаққа кіретін итергішті ғана қолданыңыз.
• ЕСКЕРТУ: Кескіш жүздер өте өткір, сондықтан олар қауіпті болып табылады. Оларды үлкен сақтықпен
пайдаланыңыз!
• Егер бұйым біршама уақыт 0ºC-тан төмен температурада тұрса, іске қосар алдында оны кем дегенде 2
сағат бөлме температурасында ұстау керек.
• Өндіруші
бұйымның қауіпсіздігіне, жұмыс өнімділігі мен жұмыс мүмкіндіктеріне түбегейлі əсер етпейтін
болмашы өзгерістерді оның құрылмасына қосымша ескертпестен енгізу құқығын өзінде қалдырады.
ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
• Блендер езбе көжелерді, түрлі тұздықтар мен асқатықтарды, сондай-ақ балалар тағаын дайындау үшін,
сан алуан түрлі коктейльдерді араластыру үшін аса қолайлы.
• Алғаш рет пайдаланар алдында алмалы-
салмалы бөлшектерінің барлығын жуғыш зат қосылған жылы
сумен жуыңыз да, əбден құрғатыңыз. Қаптамасының сыртын сəл дымқыл əрі жұмсақ матамен сүртіңіз.
• Қаптамасын кез келген сұйық затқа матыруға жəне оны сумен жууға тыйым салынады.
• Процессорды біртегіс, орнықты жерге орнатыңыз.
ЖҰМЫС
• Арасынан бір пышақты таңдаңыз.
• Араластыруға арналған пышақ.
•
Мыналар үшін арналған:
− жемістер мен көкөністердің езбесін өңдеу;
− шоколад жəне ірімшікті ұнтақтау;
− сəбіз, сарымсақ, жуаны бір сəтте ұнтақтау;
− майды шайқау;
− қамырды илеу;
− мұз салынған коктейльді араластыру;
− паштеттер мен салаттардың барлық түрлеріне арналған еттерді ұсақтау.
• Ұсақтауға раналған пышақ.
• Мыналар үшін арналған:
−
жаңғақтарды, құрғатылған жемістер мен шөптерді жəне кофе дəндерін ұсатуға;
− аскөк қосылған қою кремдер мен майларды шайқау.
• Стақанға/шараға таңдалған пышақты мықтап бұраңыз.
• Азық өнімдерін стақанға/шараға салыңыз.
• Стақанның/шараның қақпағын жабыңыз.
• Стақандағы/шарадағы бекітпелер процессордың қозғалтқыш бөлігіндегі ойықшаларға сəйкес келетіндей
етіп, стақанды/шараны қозғалтқыш бөліктің үстіне
орнатыңыз.
• ЕСКЕРТУ: Стақанды/шараны тек қозғалтқыш толық тоқтағанда ғана орнатуға немесе алуға болады!
• Импульстік режимде жұмыс істеу үшін стақанның/шараның үстінен басыңыз. Құрылғыны сөндіру үшін
аспаптың үстінен басуға болмайды.
• Үздіксіз режимде жұмыс істеу үшін қозғалтқыш бөлікке блендердің стақанын/шарасын жапсыра қысыңыз
да, бекіту үшін сағат тілінің бағытымен
бұрыңыз.
ЕСКЕРТУ: аспаптың асқын қызып кетуіне жол бермеу үшін үздіксіз жұмыс уақыты 3 минуттан
аспауға тиіс. Содан кейін аспап сууы үшін жұмыста біраз уақыт үзіліс жасау керек.
• Тесік қақпақтарды ұнтақталған тамақтарды себу үшін пайдалануға болады.
• 2 саңылаусыз қақпақ өңделген тамақтарды сақтауға арналған.
ШЫРЫН СЫҚҚЫШ
• Блендерге ұсақтауға арналған пышақты тығыздап
бұраңыз.
• Блендер құмырасына сүзгіні орнатыңыз.
• Содай-ақ, құмыраның ішкі жағындағы 4 шығыңқы сүзгі ернегінің 4 ойығына тығыздалып кіруі керек.
• Сүзгісі жоғарғы жағынан бекітілетіндей етіп, құмыраны қақпақпен жабыңыз.
• Сыртына блендерді орнатыңыз жəне ол бекуі үшін баса отырып жаймен ғана сағат тілінің бағытымен
бұраңыз.
• Тамақтарды итергіш құрал арқылы беріңіз.
• Сүзгіні үнемі жуып отырыңыз.
• Жұмысты аяқтағаннан кейін, азық-түлік пен қондырмаларды алып шықпас бұрын аспапты электр
желісінен ажыратыңыз да, электр қозғалтқыш толық тоқтағанша күте тұрыңыз.
ТАЗАЛАУ ЖƏНЕ КҮТІП ҰСТАУ
• Жұмысты аяқтағаннан кейін аспапты өшіріңіз де, оны электр желісінен ажыратыңыз.
• Дереу (ұзақ уақыт суламастан) барлық алмалы-салмалы
бөлшектерді сабынды жылы сумен жуыңыз да,
құрғақ таза сүлгімен сүртіңіз. Бұл үшін ыдыс-аяқ жуатын машинаны қолданбаңыз.