
19
A1
моделінің қондырғысы
1. Карабины бар сақтандыру арқаны
2. Сақтандыру арқанын бекітуге арналған саңылау
3. Динамик
4. Корпустың жоғары жағындағы жұмыс индикаторы
5. Start батырмасы
6. Тұтқа
7. Вентиляциялық саңылаулар
8.
батырмасы
9. Желілік адаптерді қосуға арналған ұяшықтар
10. Желілік сым
11. Желілік адаптер
12. Желілік адаптердің ұзартқышы
13. Арақашықтықтан басқару пультінің индикаторы
14. Қоректену элементіне арналған бөлім
15. Арақашықтықтан басқару пульті
16. Микрофибрадан жасалған моптар
17. Түбіндегі жұмыс индикаторы
18. Моптарға арналған шешілетін дөңгелектер
19. Шешілетін дөңгелектерді ұстағыштар
I. АЛҒАШҚЫ ҚОСАР АЛДЫНДА
Бұйымды орамынан шығарып, барлық орау материалдары мен жарнамалық жапсырма-
ларды алып тастаңыз.
Корпустағы ескертетін жапсырма, жапсырма-көрсеткіш (бар болса) және бұйымның
сериялық нөмірі бар кестешені орнында міндетті түрде сақтаңыз! Бұйымда сериялық
нөмірі жоқ болса, кепілдік қызмет көрсету құқығынан автоматты түрде айырыласыз.
Тасымалдаған немесе төмен температураларда сақтаған соң аспапты қосар алдында
кем дегенде 2 сағат бөлме температурасында ұстау қажет.
Аспаптың корпусын және шешілетін дөңгелектерді ылғыл шөберекпен сүртіңіз. Электрмен
қоректендіру желісіне қосар алдында аспаптың барлық элементтерін жақсылап кептіріңіз.
Аспапты қолданар алдында аккумуляторды толығымен зарядтаған дұрыс. Аспапты электр
желісіне
A2
схемасында көрсетілгендей қосыңыз, керек болған жағдайда ұзартқышты
қолданыңыз. Аккумуляторды зарядтау кезінде корпустың жоғары жағында сарғылт инди-
катор жанатын болады. Толық зарядталу уақыты 1 сағатты құрайды. Аккумулятор толық
зарядталған кезде индикатор жасыл түске ауысады, аспап пайдалануға дайын.
Қоректену элементі (жиынтыққа кіреді) кереғарлықты сақтаумен, арақашықтықтан басқа-
ру пультіне дұрыс орнатылғандығына көз жеткізіңіз. Керек болған жағдайда қоректену
элементін орнатыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Жеткізу кешеніне кіретін қуат көзінің элементі бұйымның жұмыс
қабілеттілігін тексеруге ғана арналған. Аспаптың үздіксіз жұмысы үшін жаңа қуат
көзінің элементін сатып алу ұсынылады.
Қоректендіру элементтерін орнату кезінде қолдарыңыз және құрылғы құрғақ болуы
тиіс.
Моптарға арналған шешілетін дөңгелектер саңылаусыз, ұстағыштарға тығыз орнатылуы
керек. Оларды орнату тәртібі
A3
схемасында көрсетілген. Шешілетін дөңгелектердегі
дөңес жерлерді жіктермен сәйкестендіріңіз және шешілетін дөңгелекті шертпек естілген-
ге дейін басыңыз.
I I. ҚҰРАЛДЫ ПАЙДАЛАНУ
Аспап қалыңдығы 3 мм басталатын шыныларды, айналарды, кафельдік плиталарды, қа-
бырғаларды және үстелдерді тегістеуге арналған.
Аспапты жақтаусыз шыныларға, жарықтары немесе басқа да ақаулары бар қабаттарға
пайдалануға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!
Тазаланылатын қабат астындағы кеңістік аспаптың байқаусыз құлап кетуі салдарынан
зақымдануы мүмкін заттардан бос екендігіне көз жеткізіңіз.
A4
аспабын пайдалану
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Аспапты пайдаланар алдында міндетті түрде оны сақтандыру
арқанының көмегімен бөлменің ішіндегі тұрақты жылжымайтын объектіге бекітіңіз.
1. Аспапты электр желіге қосыңыз.
Қоректену сымы мен ұзартқыштың майыспауын және айналмауын қадағалаңыз. Сым-
ның ұзындығы шектеулі екендігін есте сақтаңыз және керек болған жағдайда
ұзартқышты қолданыңыз.
2. батырмасын басыңыз және ұстап тұрыңыз, аспап қосылады.
3. Аспапты шыныға жақтаудан 10 см немесе басқа қабатқа орнатыңыз. Аспапты верти-
калдық қабатта пайдаланған кезде, оны жіберместен бұрын аспаптың сенімді тұрға-
нына көз жеткізіңіз.
Керек болған жағдайда тазалағаш құралды моптардың біреуіне жағыңыз, бірақ оны су-
ламаңыз. Егер қабат немесе моп тым ылғалды болса, аспап дұрыс жұмыс жасай алмайды.
4. Start батырмасын басыңыз. Аспап дыбыстық сигнал береді және автоматты режимде
жұмыс жасай бастайды. Аспаптың қалыпты жұмысы кезінде аспап корпусының жоғары
жағында ақ, жасыл және көк индикатор және түбінде көк индикатор жанып тұрады.