Рециклді үнемі қолданған жағдайда, пайдалану қарқындылығына
байланысты айына 2-4 рет көмірлік сүзгілерді алмастырып отыру
қажет. көмірлік сүзгілерін дүкендерден сұраңыз!
Жарықтандыру. Сіздің үлгісінде әрқайсысы 20Вт болатын қуатты екі
галогенді шамдар қолданылған. Істен шығу сервистік жағдай болып
табылмайды: істен шыққан шамдарды алмастыру бойынша
электртауарлар дүкендеріне өз бетіңізбен хабарласуларыңызды
сұраймыз.
Корпус күтімі. Сіздің сорып шығарғышыңыздың күтімін құрамында
жемір қоспалар болмайтын, жұмсақ жуғыш ерітінділермен жүргізу
қажет.
Майлы (жуғыш) сүзгі. Алюминий қабаттарының құрылымы ауа
ағымының өтуі кезінде, бірмезгілде май мен ыстың максималды
мөлшерін ұстап қала отырып, ең аз шуыл тудыратындай түрде
ұйымдастырылған. Кассетаны қатты июге болмайды, оны жуу кезінде
қыспаңыз. ББЗ-ерітінділі ыдыста немесе ыдыс жуатын машинада жуып-
шайыңыз.
Электрлік қауіпсіздік. барлық үлгілерінің электр тізбектері сенімді
түрде оқшауланған. Дегенмен, қоғалтқыш пен электроника кернеуінің
құбылуынан қорғау үшін жерлендіру қажет. Жерлендіру түйіспесі
аспаптың ашасында бар.
Өрт қауіпсіздігі. Қарқынды ашық от (мысалы, ас пісіру беті жағынан)
сүзгілердегі майдың тұтануын тудыруы ықтимал. Мұндайды болдырмас
үшін пайдалану нұсқаулығының тиісті бөліміндегі айтылғандарды
орындау қажет.
Орнату – қосымша ақыл-кеңестер. Аспапты қатаң түрде тігінен іліңіз,
бұл пайдалану кезіндегі шуды барынша азайтуға мүмкіндік береді және
сорып шығарғыш корпусының төменгі бұрыштарының біріне біртіндеп
май жиналуын болдырмайды. Гофрленген жеңін шамадан тыс имеңіз.
Қосылыс (кері клапан, желдеткіштік саңылау) тұстарын
герметикалаңыз. Бөгде заттардың кері клапанға құлауына жол
бермеңіз. Желдеткіштік шахтаға қосу барысын мамандарға тапсырған
жөн.
Жұмыс режімі. Біздің сайтымызда Сізге қажетті өнімділікті есептеп
алыңыз (немесе ол жерден сәйкес есептеу бағдарламасын жүктеп
алыңыз). Оңтайлы нәтижелерге жету үшін таңдаған режімді ас
әзірлеуден кейін кем дегенде 5-10 минуттан соң өшіріңіз.