
14Шеткі жақтары тікенді ара JSMS-10L Қазақша14
Сур. 3
6. Тасымалдау жəне қолданысқа
қосу
6.1 Тасымалдау жəне орнату
• Араны жабық тұрғынжайларда орнату
керек, бұл жағдайда қарапайым
ағаш шеберханасының жағдайлары
қарасытырлған жөн.
• Ара орнатылатын тегіс бет жеткілікті
тегіс əрі жүктемелерге төзімді болуы
керек. Қажет болған жағдайда араны
орнатылатын бетке қатты бекітуге
болады.
• Қаптауға қолайлы болу үшін ара жар-
тылай жиналған.
6.2 Монтаждау
Жалпы ережелер
Назар аударыңыз!
Монтаждау-жөндеу жұмыстарын
жүргізбес бұрын станокты электр
желісінен ажыратыңыз!
• Қорғаныш майының тоттарын жұмсақ
еріткіштердің көмегімен кетіріңіз.
• Станокты жалпақ бетке
орналастырыңыз.
Үстелдің ұзартқыштарын
монтаждау
• Ұзындық шектегішін оң немесе сол
жағында орнатыңыз (В, 4 сурет).
Сур. 4
• Үстелдің ұзартқыштарын (С) металлды
қапсырмалар (А) арқылы станоктың
цоколіне бекітіңіз.
Қиқым жинауға арналған қапты
монтаждау
• Станокта жұмыс істегенде қиқым
жинайтын қапты пайдаланыңыз. (К,
сур. 1)
• Қиқым жинауға арналған қапты
станоктың артқы жағындағы тартып
алатын штуцерден жоғары орнатуға
болады.
• Тартып алушы штуцерге сору
құрылғысын немесе шаңсорғышты
қосуға болады.
Араның басын бұғаттаудан
босату
• Станок бұғатталған араның басымен
бірге жеткізіледі.
• Араның басын босату үшін ара
басының бекіткішін (D, сур. 2)
шығарыңыз. Араның басы біртіндеп
жоғары көтеріледі.
• Станокты тасымалдағанда араның
басын бекітіп тастау керек.
6.3 Электр желісіне қосу
• Клиент тарпынан желіге қосу
жəне қолданылатын ұзартқыштар
техникалық талаптарға сай болуы
керек.
• Желі кернеуі мен жиілігі станоктың
фирмалық тақтайшадағы жұмыс
параметрлеріне сəйкес келуі керек.
• Өндіруші орнатқан қорғаныс
құрылғысы 10 А ға сəйкес болуы
керек.
• Электр желісіне қосу мен жөндеуді тек
қана білікті электрик мамандар жүзеге
асырулары керек.
6.4 Қолданысқа енгізу
• Ара тұтқа саптағы тетікті басу арқылы
іске қосылады жəне тетік босатылған
сəтте ара жұмысын тоқтатады.
7. Станок жұмысы
Дұрыс жұмыс жағдайы
• Араға қарама-қарсы аралау бағытына
қарап тұрыңыз. (сур. 5).
Сур. 5
• Аралау дискісінен қашықта Сізге қиқым
шашырамайтындай етіп тұрыңыз.
• Тым қысқа дайындамаларды
өңдемеңіз, оларды бекіту өте қиын.
Дайындамамен жұмыс істеу
• Жалпақ жəне ұзын дайындамалар-
ды аралағанда аунақшалы тірейтін
бағананы қолданыңыз.
• Жұмыс кезінде дайындама бекітілген
болуы керек.
• Жұмысты бастамас бұрын аралау
дискісінің қабы дұрыс орналасқынына
көз жеткізіңіз.
• Ара тұтқа саптың ішкі жағындағы
тетікті басу арқылы іске қосылады. (В,
сур. 1)
• Дайындаманы араламас бұрын ара
ең үлкен айналым мөлшеріне дейін
айналып
тұруы керек.
Ара басының жылжымалы
қызметін қолданусыз аралау
(Штоктар бекітілген)
• Бұғаттағыш тұтқа сапты бұрап
тастаңыз (Р, сур. 2), тұтқаның
көмегімен араның басын біртіндеп
төмен түсіріңіз.
• Жұмыс аяқталған соң араның басы
қайтадан жоғарғы орнына келуі керек.
Ара басының жылжымалы
қызметін қолдану арқылы
аралау
• Жалпақ дайындамаларды бөренелеу
үшін осы қызметті қолдану керек.
• Бұғаттағыш тұтқа сапты босатыңыз (Р,
сур. 2).
• Араның басын өзіңізге тақап ұстаңыз.
• Аралау дискісінің қабын жылжытып
(Р, сур. 2), тұтқаның көмегімен араның
басын баяу босатыңыз.
• Араның басын жаймен алға итере
отырып, келесі аралау жұмыстарын
жасаңыз.