
15Қазақша Шеткі жағымен жұмыс істейтін ара JMS-8L15
• Өңделетін материалға сəйкес аралау
дискісін таңдаңыз.
• Дөңгелек дайындамаларды олар-
ды аралау кезінде айналып кетуден
сақтау үшін бекітіңіз.
• Ойықтарды өңдеу кезінде абай
болыңыз.
Лазерлік таңбалау:
• Лазерлік нұсқағыш дайындамадағы
араланатын сызықты дəл көрсетуге
мүмкіндік береді.
• Қажет болған жағдайда оны қосуға не
сөндіріп қоюға болады.(S, сур. 13).
Назар аударыңыз!
• Жарық нұсқағышы 2 классқа жатады,
көзіңізге сəуленің тікелей түспеуін
қадағалаңыз.
• Сəулені адамдарға не жануарларға
бағыттамаңыз.
• Жарық шағылыстыру қабылеті жоғары
материалдарда лазерлік таңбалауды
қолданбаңыз. Шағылысқан сауле де
қауіпті.
Пішінді аралау:
• Станокта пішінді аралауға болады.
• Пішінді аралаған кезде диск ең кіші
қима арқылы өту керек. (сур. 5).
Сур. 5
Төмендегі операция əлеуетті қауіпті.
(сур. 6).
Сур. 6
Майыстырылған
дайындамаларды аралау:
• Қисық немесе майысқан дайында-
малар аралау нүктесі дайындамаға
арналған тірекке тіреліп тұратындай
етіп орнатылуы керек. (сур. 7).
Сур. 7
Төмендегі операция əлеуетті қауіпті
(сур. 8).
Сур. 8
Көлбеу астында аралау:
• Көлбеу бұрышын 0°- 45° белгілеуге
болады.
Сур. 9
• Станоктың артқы жағындағы бекітуші
тұтқаны (С, сур. 9) сəл босату керек.
• Көлбеу шкаласының (В) қажетті
бұрышына жетпейінше кескіш басты
иіңіз.
• Араламас бұрын кескіш басты бекітуші
тұтқамен (С) тартыңыз.
Бұрыш астында аралау:
• Бұрылу бұрышын -46° - +46°қа келтіріп
қоюға болады.
• Тірек сыртындағы үстелдің екі бекітуші
тұтқасын босату керек.
• Үстел шкаласының көрсеткішіне
сəйкес кескіш басты қажетті бұрышқа
бұрыңыз.
• Үстелдің бекітуші тұтқаларын тартып
тастаңыз.
Бұрыш астында біріктірілген
аралау
• Бұрыш астында біріктіріп аралау үшін
ара басы мен дайындама тіреуінің
қажетті жағдайын таңдаңыз.
5. Орнату жəне бапқа келтіру
Ескертпе:
Бекіту мен бапқа келтіру жұмыстарын
тек станокты электр желісінен
ажыратқан соң жасауға рұқсат беріледі.
(ашаны розеткадан алып тастаңыз).
5.1 Аралау дискісін ауыстыру
• Аралау дискісі станоктың талаптарына
сай болуы керек.
• Бекітпес бұрын аралау дискісінің
ақауларының (жарықтар, сынған
тістер, батқан жерлер) бар болуын
тексеріңіз. Ақауы бар аралау дискісін
қолданбаңыз.
• Қолыңызға кескіш құралды алған кезде
əрдайым қажетті қолғап киіңіз.
• Аралау дикісін тек қана станокты
электр желісінен алып тастаған соң
ауыстыруға болады. (ашаны розетка-
дан
алып тастаңыз)!
• Жанындағы екі винтті (А) бұрап босату
арқылы араның қорғаныс қабын (В,
сур. 9) алып тастаңыз.
Сур. 10
Дискті бөлшектеу:
• Арнайы кілттің (В, сур. 11) көмегімен
араның ернемегін бұғаттаңыз жəне
жиынтықтағы кілттің (С) көмегімен
аралау дискісінің бекіткіш винтін (А)
босатыңыз.
Назар аударыңыз: сол
жақ бұранда!