
17Қазақша Шеткі жақтары тікенді ара JMS-10S17
Тазарту:
• Станокты əрдайым жұмсақ матамен
тазартып тұрыңыз, əсіресе жұмыс
жасағаннан кейін жақсы. Ауаға
арналған саңылауларды шаң мен
кірден таза ұстаңыз.
• Қатты ласталған жерлерді мата мен
сабын көмегімен тазартыңыз.
• Бензин, спирт, аммиак жəне басқа сол
сияқты заттарды қолданбаңыз. Ондай
заттар пластмассадан жасалған
бөлшектерді бүлдіру мүмкін.
Аралау дискісі:
• Жақсы қайралған дискті қолданыңыз.
• Алдыңғы қайрау бұрышы теріс аралар-
ды ғана қолданыңыз.
• Жұқа қабырғалы дайындамаларды
аралаған кезде адымы ұсақ жəне аз
дегенде 80 тісі бар ара қолданылу
керек.
• Аралау дискісін өңделетін материалға
сай таңдаңыз.
• Станок өндірушісі ұсынған аралау
дискілерін ғана қолданыңыз.
• Бұзылған аралау дискісін дереу
ауыстырыңыз.
• Аралау дискілерінің
қызмет көрсету
жұмыстарымен арнайы оқытылған
қызметкерлер айналысу керек.
8. Ақауларды жою
Қозғалтқыш қосылмайды
• Электр қоректену жоқ -желі мен
сақтандырғыштарды тексеріңіз.
• Сөндіргіш, қозғалтқыш немесе сым
бұзылған – электрші қажет.
• Қозғалтқыш қылшақтары желінген –
қылшақтарды ауыстырыңыз.
Араның қатты тербелістері
• Ара түзу тұрған жоқ – станокты тегіс
жерге орнатыңыз.
• Аралау дискісі бұзылған – аралау
дискісін шұғыл түрде ауыстырыңыз
Аралау перпендикуляр емес
• Айналмалы тірек дұрыс орнатылмаған
• Дайындама тірегі дұрыс орнатылмаған
Аралау бетінің сапасы нашар
• Қажетті аралау дискісі таңдалмаған
• Аралау дискісі шайырмен ласталған
• Ара тістері өтпей қалды
• Дайындама тығыздығы бір қалыпты
емес
• Беріс күші тым жоғары -ара жүктемесін
асырмаңыз.
9. Қоршаған ортаны қорғау
• Қоршаған ортаны қорғаңыз.
• Берілген құрылғы қайта өңделетін
құнды материалдардан құралған.
Өтінеміз, оларды арнайы пункттарға
тапсырыңыз.
10. Жеткізілетін заттар
• Қажетті заттардың толық тізімін
www.jettools.ru сайтынан немесе ката-
логынан қараңыз.