Инструкция ELECTROLUX EWT1064ERW — страница 11

Тип руководства: Инструкция ФорматФормат: PDF РазмерРазмер: 1,13 МБ СтраницСтраниц: 48 КатегорияКатегория: Стиральные машины ДобавилДобавил: NikaDoc575

Инструкция для ELECTROLUX EWT1064ERW на русском языке. Документ можно использовать для ознакомления с информацией, относящейся к данной модели.

Инструкция представлена в формате PDF, просмотр, скачивание на компьютер, смартфон бесплатно. Возможность печати зависит от используемой программы и настроек устройства. Содержание, структура и объём документа могут различаться в зависимости от модели, версии и редакции руководства. Перед использованием рекомендуется убедиться, что инструкция соответствует вашей модели.

Назад
/ 48
Вперёд
7.2 Отжим
Осы функцияның көмегімен әдепкі
айналдыру жылдамдығын өзгертуге
болады.
Орнатылған жылдамдықтың
индикаторы жанады.
Қосымша айналдыру параметрлері:
Айналдырмау
Барлық айналдыру циклдарын
болдырмау үшін осы функцияны
орнатыңыз. Су төгу циклы ғана
жұмыс істейді.
Тиісті индикатор жанады.
Бұл функцияны өте нәзік маталар
үшін орнатыңыз.
Кей жуу бағдарламаларында шаю
циклы көп су пайдаланады.
Шаюды кідірту
Кірлер мыжылып қалмас үшін осы
параметрді орнатыңыз.
Тиісті индикатор жанады.
Бағдарлама аяқталған кезде
барабан ішінде су қалады.
Кір мыжылып қалмас үшін барабан
мезгіл-мезгіл айналып тұрады.
Қақпақ құлыпталып тұрады.
Қақпақтың бекітпесін ашу үшін суды
төгу керек.
Суды төгу үшін
"Бағдарламаның соңы"
тарауын қараңыз.
Түнгі цикл
Бұл параметрді барлық айналдыру
циклдарын ажыратып, кірді
шуылсыз режим бойынша жуу үшін
орнатыңыз.
Кей жуу бағдарламаларында шаю
циклы көп су пайдаланады.
Тиісті индикатор жанады.
Жуу бағдарламасы аяқталғанда
барабан ішінде су тұрады. Кір
мыжылып қалмас үшін барабан
мезгіл-мезгіл айналып тұрады.
Қақпақ құлыпталып тұрады.
Қақпақтың бекітпесін ашу үшін суды
төгу керек.
Суды төгу үшін
"Бағдарламаның соңы"
тарауын қараңыз.
7.3 Предв. стирка
Осы параметрдің көмегімен жуу
бағдарламасына алдын ала жуу
циклын қосуға болады.
Осы параметрді қатты кірлеген кірді
жуу үшін пайдаланыңыз.
Осы параметрді орнатқан кезде
бағдарламаның уақыты ұзарады.
Тиісті индикатор жанады.
7.4 Oтсрочка старта
Осы параметрдің көмегімен
бағдарламаны 30 минуттан 20 сағатқа
дейін кешіктіріп бастауға болады.
Бейнебетте тиісті индикатор пайда
болады.
7.5 Доп. полоскание
Осы параметрдің көмегімен жуу
бағдарламасына бірнеше шаю циклын
қосуға болады.
Бұл функцияны жуғыш заттарға
аллергиясы бар адамдар үшін және
суы тым тұщы жерлерде қолданыңыз.
Тиісті индикатор жанады.
7.6 Легкая глажка
Құрылғы кір мыжылып қалмас үшін
абайлап жуады және айналдырады.
Құрылғы айналдыру жылдамдығын
азайтады, суды көбірек пайдаланады
және бағдарламаның уақытын кірдің
түріне лайықтап қолданады.
Тиісті индикатор жанады.
7.7
Таймер
Жуу бағдарламасын орнатқан кезде
бейнебетте әдепкі уақыт көрсетіледі.
Бағдарламаның уақытын азайту
немесе көбейту үшін немесе
түймешігін басыңыз.
Таймер функциясы кестеде
көрсетілген бағдарламаларда ғана
жұмыс істейді.
ҚАЗАҚ 11
Скачать «ELECTROLUX EWT1064ERW» — 1,13 МБ СкачатьСкачиваний: 0
Нашли ошибку?