
Mode режимін таңдағаннан
кейін немесе температура
түймешігін басқаннан кейін
жандана бастайды.
Температураны
таңдағаннан кейін
жанданған белгі бірнеше
минут жыпылықтайды.
3.2 Іске қосу
Ашаны розеткаға сұғыңыз
1. Бейнебет сөніп тұрса, ON/OFF
түймешігін басыңыз.
Температура индикаторлары
орнатылған әдепкі температураны
көрсетеді.
2. Бірнеше секундтан кейін ескерту
құралынан сигнал естілуі мүмкін.
Ескерту құралын бастапқы
қалпына қайтару үшін "Жоғары
температураны ескерту" тарауын
қараңыз.
Егер бейнебетте "DEMO"
көрсетілсе, құрылғы демо-режимде
тұр. "Ақаулықты түзету..." тарауын
қараңыз.
Орнатылған басқа
температураны таңдау
үшін "Температураны
реттеу" тарауын қараңыз.
3.3 Сөндіру
ON/OFF түймешігін 3 секунд басыңыз.
Бейнебет сөнеді.
Құрылғыны электр желісінен ағыту
үшін ашаны розеткадан суырыңыз.
3.4 Температураны реттеу
Мұздатқыштың орнатылған
температурасын температура
түймешігін басып реттеуге болады.
Орнатылған әдепкі температура:
мұздатқыш үшін -18°C
Температура индикаторы орнатылған
температураны көрсетеді.
Таңдалған температура 24 сағат
ішінде орнайды.
Электр қуаты үзіліп қалса,
орнатылған температура
сақтаулы қалады.
3.5 DrinksChill режимі
DrinksChill функциясы дыбысты
сигналды қажетті кезде орнату үшін
қолданылады, мысалы, рецепт
бойынша пісіргенде қоспаны белгілі
бір уақыт ішінде суытып алу қажет
болса, немесе мұздатқышқа жылдам
суыту үшін қойылған шөлмектерді
ұмытып кетпеу үшін ескерту сигналы
қажет болған кезде қолданылады.
1. Функцияны қосу үшін DrinksChill
түймешігін басыңыз.
DrinksChill индикаторы көрінеді.
Таймер орнатылған мәнді көрсетеді
(30 минут).
2. Таймердің орнатылған мәнін 1-ден
90 минут аралығында өзгерту үшін
"суығырақ температура" түймешігі
және "жылырақ температура"
түймешігін басыңыз.
Таймер (min). индикаторы көрсетіледі
Кері санақ аяқталған кезде DrinksChill
индикаторы жыпылықтайды да,
дыбыстық сигнал естіледі
3. Мұздатқыш камерадағы
сусындарды алыңыз.
4. Дыбыстық сигналды сөндіру және
функцияны біржола тоқтату үшін
DrinksChill түймешігін басыңыз.
Функцияны кері санақ
орындалып тұрғанда
кез келген уақытта
DrinksChill тетігін басып
ажыратуға болады.
DrinksChill индикаторы
сөнеді
Кері санақ орындалып
тұрған кезде және
аяқталған кезде
"Суығырақ
температура" түймешігі
мен "Жылырақ
температура"
түймешігін басып
уақытты өзгертуге
болады.
ҚАЗАҚ 7