түймешігін арнайы белгілердің барлығы көрінбей кеткенше басыңыз
Функция тоңазытқыштың басқа орнатылған температурасын таңдаған кезде ажыратылады.
3.11 DrinksChill режимі
DrinksChill функциясы дыбысты сигналды
қажетті кезде орнату үшін қолданылады мысалы рецепт бойынша пісіргенде қоспаны белгілі бір уақыт ішінде суытып алу қажет болса немесе мұздатқышқа жылдам суыту
үшін қойылған шөлмектерді ұмытып кетпеу
үшін ескерту сигналы қажет болған кезде
қолданылады.
Функцияны іске қосу үшін:
1.DrinkChill түймешігін басыңыз DrinksChill индикаторы көрінеді.
Таймер орнатылған мәнді көрсетеді (30
минут).
2.Таймердің орнатылған мәнін 1 мен 90
минут аралығында өзгерту үшін
"Суығырақ температура" түймешігі және
"Жылырақ температура" түймешігін басыңыз.
3.Таймер жыпылықтай бастайды (min).
Кері санақ аяқталған кезде DrinksChill индикаторы жыпылықтайды да дыбыстық
сигнал естіледі:
1.Мұздатқыш камерадағы сусындарды алыңыз.
2.Дыбыстық сигналды сөндіру және функцияны біржола тоқтату үшін
DrinkChill түймешігін басыңыз.
Функцияны кері санақ орындалып тұрған кезде кез келген уақытта ажыратуға болады.
1.DrinkChill түймешігін басыңыз.
2.DrinksChill индикаторы сөнеді.
"Суығырақ температура" түймешігі мен
"Жылырақ температура" түймешігін басып уақытты кері санақ орындалып тұрған кезде және аяқталған кезде өзгертуге болады.
3.12 FastFreeze режимі
Функцияны іске қосу үшін:
1.Мұздатқыш бөлікті таңдаңыз.
2.Mode түймешігін тиісті белгі көрінгенше басыңыз.
Бұл функция 52 сағаттан кейін өздігінен тоқтайды.
Функцияны автоматты түрде сөніп қалмай тұрып өшіру үшін:
1.Мұздатқыш бөлікті таңдаңыз.
2.Басқа функцияны таңдау үшін Mode түймешігін басыңыз немесе Mode түймешігін арнайы белгілердің барлығы көрінбей кеткенше басыңыз
Функция мұздатқыштың басқа орнатылған температурасын таңдау арқылы ажыратылады.
3.13 Балалар құлпы функциясы
Түймешіктер арқылы орындалатын жұмысты бұғаттау үшін балалар құлпы функциясын таңдаңыз.
Функцияны іске қосу үшін:
1.Mode түймешігін тиісті белгі көрінгенше басыңыз.
2.Балалар құлпы индикаторы көрсетіледі.
Функцияны ажырату үшін:
1.Басқа функцияны таңдау үшін Mode түймешігін басыңыз немесе тиісті
белгілердің ешқайсысы көрінбей кеткенше Mode түймешігін басыңыз.
3.14 Жоғары температураны ескерту
Мұздатқыш камераның ішіндегі
температураның жоғарылағаны (мысалы электр қуаты өшкен кезде) төмендегідей көрсетіледі:
- ескерту сигналы мен мұздатқыш температурасының индикаторлары жыпылықтайды
• дыбыстық сигнал естіледі.
Ескерту сигналын қалпына келтіру үшін:
1.Кез келген түймешікті басыңыз.
2.Дыбыстық сигнал ажыратылады.
3.Мұздатқыш температурасының
индикаторы ең жоғары температураны бірнеше секунд көрсетеді Содан кейін
қайта орнатылған температураны көрсетеді.
4.Ескерту индикаторы қалыпты жағдайлар
қалпына келгенше жыпылықтап тұрады.
Ескерту сигналы тоқтаған кезде ескерту индикаторы сөнеді.
3.15 “Есік ашық” ескерту сигналы
Есік бірнеше минут ашық қалса дыбыстық
сигнал естіледі Есіктің ашық тұрғандығы төмендегі белгі арқылы көрсетіледі:
- Ескерту индикаторы жыпылықтайды
Инструкция по эксплуатации Electrolux ERF4161AOW — страница 8
Инструкция для Инструкция по эксплуатации Electrolux ERF4161AOW на русском языке. Документ можно использовать для ознакомления с информацией, относящейся к данной модели.
Инструкция представлена в формате PDF, просмотр, скачивание на компьютер, смартфон бесплатно. Возможность печати зависит от используемой программы и настроек устройства. Содержание, структура и объём документа могут различаться в зависимости от модели, версии и редакции руководства. Перед использованием рекомендуется убедиться, что инструкция соответствует вашей модели.