2.1 Орнату
Назарыңызда болсын!
Бұл құрылғыны тек білікті маман ғана орнатуға тиіс.
• Орам материалдарының барлығын алыңыз.
• Бүлінген құрылғыны орнатпаңыз немесе пайдаланбаңыз.
• Құрылғымен бірге берілген орнату бойынша нұсқауларды орындаңыз.
• Осы құрылғы мен басқа құрылғылардың заттардың арасындағы минимум
қашықтықты сақтаңыз.
• Құрылғыны жылжытқан кезде үнемі абай болыңыз себебі салмағы ауыр Әрқашан
қорғаныс қолғабын киіңіз.
• Кесілген беттерге ылғал кіріп үлкейтіп жібермес үшін тығыздағышпен бітеңіз.
• Құрылғының астыңғы жағын бу мен ылғалдан қорғаңыз.
• Құрылғыны есікке жақын жерге терезенің
астына қоймаңыз Бұл есік немесе терезе ашылған кезде ыстық ыдыс құрылғыдан
құлап кетпеу үшін қажет.
• Егер құрылғыны тартпалардың үстіне орнатсаңыз құрылғының астыңғы жағы мен үстіңгі тартпаның арасында ауа ауысып тұруға жеткілікті орын қалуын
қамтамасыз етіңіз.
• Құрылғының астыңғы жағы ысып кетеді.
Құрылғының астыңғы жағын қол жетпейтін етіп бітеу үшін тұтанбайтын оқшаулағыш панель орнатуды ұсынамыз.
Электртоғына қосу
Назарыңызда болсын!
Өрт шығу және электр қатеріне
ұшырау қаупі бар.
• Электртоғына қосу жұмыстарының
барлығын білікті электрші ғана іске асыруға тиіс.
• Құрылғыны міндетті түрде жерге тұйықтау
қажет.
• Қандай да бір жұмысты іске асырмай тұрып құрылғының электр желісінен ажыратылғанына көз жеткізіңіз.
• Дұрыс электр сымын пайдаланыңыз.
- Электр сымдарының оратылуына жол бермеңіз.
• Құрылғыны жақын тұрған розеткаға жалғаған кезде электр сымы немесе ашасы (бар болса) ыстық құрылғыға немесе ыстық
ыдысқа тиіп кетпес үшін абай болыңыз
• Құрылғының дұрыс орнатылғаныа көз жеткізіңіз Босап қалған және дұрыс жалғанбаған электр сымы немесе ашасы (бар болса) ағытпаны өте ысытып жіберуі
мүмкін.
• Электр қатерінен сақтандыру құралының
орнатылғанына көз жеткізіңіз.
• Сымға деформацияға қарсы қапсырманы пайдаланыңыз.
• Құрылғының сымына немесе ашасына (бар болса) зақым келтірмеу үшін абай болыңыз Зақым келген электр сымын ауыстырту үшін қызмет көрсету орталығына немесе электршіге хабарласыңыз.
• Электр жүйесі құрылғыны кез келген полюсте ажыратуға мүмкіндік беретін оқшаулағыш құралмен жабықталуға тиіс.
Оқшаулағыш құралдың контакт ара
қашықтығы кем дегенде 3 мм болуға тиіс.
• Дұрыс оқшаулағыш құралдарды ғана
қолданыңыз желіні қорғайтын ажыратқыштар сақтандырғыштар (ұстатқыштан алынған бұрандалы сақтандырғыштар) жерге тұйықталудан
қорғау тетіктері мен тұйықтағыштар.
Газға қосу
• Газға қосу жұмыстарының барлығын білікті
маман ғана іске асыруға тиіс.
• Орнатар алдында жергілікті жабдықтау жағдайлары (газдың түрі мен газдың
қысымы) және құрылғының параметрлері
сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.
• Құрылғының айналасында ауаның
айналуын қамтамасыз етіңіз.
• Газбен жабдықтау туралы ақпарат техникалық ақпарат тақтайшасында берілген.
• Бұл құрылғы жану өнімдерін тартып
әкететін құрылғыға жалғанбаған.
Құрылғыны ағымдық орнату ережелеріне сай орнатыңыз Желдету талаптарының
дұрыс орындалуына көз жеткізіңіз.
ҚАЗАҚ
Инструкция по эксплуатации Electrolux EGT97353YK — страница 5
Инструкция для Инструкция по эксплуатации Electrolux EGT97353YK на русском языке. Документ можно использовать для ознакомления с информацией, относящейся к данной модели.
Инструкция представлена в формате PDF, просмотр, скачивание на компьютер, смартфон бесплатно. Возможность печати зависит от используемой программы и настроек устройства. Содержание, структура и объём документа могут различаться в зависимости от модели, версии и редакции руководства. Перед использованием рекомендуется убедиться, что инструкция соответствует вашей модели.