
RU
19
KZ
Аккумуляторлы бұрауыш
ҚЫЗМЕТІ
Аккумуляторлы бұрауыш құрастыру жұмыстары
кезінде бұрандалар мен бұрамашегелерді бұрап
бекітуге жəне босатуға арналған.
ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ 1
ҚҰРЫЛҒЫ 2
1. Ажыратқыш
4. Айналым бағытын ауыстырғыш
ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ
Жарақаттар мен қауіпті жағдайлардың туындауын
болдырмау үшін аспапты осы нұсқаулықтың талап-
тарына сəйкес пайдаланған жөн.
• Саптамаларды қыстырылып қалған кезде аспап-
ты дереу сөндіріңіз
• Зарядтағыш құрылғыны электрқоректендіру
желісіне тым ұзын ұұзартқыш арқылы қоспаңыз
• Зарядтағыш құрылғы тек осы аспаптың ак-
кумуляторын зарядтауға арналған. Сіздің
қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету мақсатында оны
өзге батареяларды зарядтау
үшін пайдалануға
кеңес бермейміз. Дəл осы себеппен, бұл акку-
муляторды өзге зарядтағыш құрылғылармен
зарядтамаған жөн
• Аккумуляторды зарядтаудан бұрын зарядтағыш
құрылғының кернеуі қорек желісінің кернеуіне
сəйкес келетініне көз жеткізіп алыңыз
• Мына жағдайларда зарядтағыш құрылғыны
қорек желісінен ажыратқан жөн:
- ол пайдаланылып жатқан кезде;
- оған техникалық қызмет көрсету барысында;
- оған аккумулятор қосқан
кезде немесе одан
ажыратқан кезде
• +10ºС төмен немесе +40ºС жоғары температура-
да, сондай-ақ жауынның астында, ылғалды үй-
жайларда, тез тұтанатын заттарға жақын жерде
аккумуляторды зарядтамаңыз
• Жұмыс барысында аккумулятор қызады. Қызған
аккумуляторды зарядтамаған жөн
• Зарядтағыш құрылғының желдету тесіктерінің
ашық қалуын қадағалаңыз
• Зарядтағыш құрылғының ашасын розеткадан
ажыратқан кезде қорек сымына күш түсірмеңіз
.
Бұл оның зақымдануына əкеп соқтыруы мүмкін
• Зарядтағыш құрылғының қорек сымы бұзылған
немесе тозған кезде оны жаңасына ауыстыру
қажет
• Аккумуляторды отқа немесе суға тастауға, жоғары
температура əсеріне ұшыратуға тыйым салына-
ды. Бұл қысқаша тұйықталуға, жарылысқа неме-
се қоршаған ортаға зиянды химиялық заттардың
шығуына əкеп соқтыруы мүмкін
• Қысқаша тұйықталуды болдырмау үшін:
- аккумулятордың
түйіспелеріне қосымша сымдар
жалғамаған;
- аккумуляторды қағаз қыстырғыштар, монеталар,
сым темір бұйымдары сияқты кішкене металл
заттардың жанында сақтамаған жөн
• Аккумуляторды +45ºС жоғары температурада
сақтау оның істен шығуына əкеп соқтырады
• Сіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету мақсатында
аккумуляторды жəне зарядтағыш құрылғыны
бөлшектеуге немесе оларды өз бетіңізбен
жөндеуге кеңес берілмейді
• Осы нұсқаулықтың ережелерін немесе темпера
-
тура шарттарын сақтамаған жағдайда аккумуля-
тор ағуы мүмкін. Аккумулятордан шыққан элек-
тролит теріге тиген жағдайда оны дереу сумен
шайған жөн. электролит көзге тиген жағдайда
оны 10 минут бойы сумен шайып, содан кейін
дəрігерге көрініңіз
Жаңа аккумуляторды пайдалануға енгізу
үшін:
1) аккумуляторды жұмыс режимінде толық разряд-
тау
2) аккумуляторды штаттық зарядтағыш
құрылғының көмегімен 5-7 сағат бойы зарядтау
3) аккумулятордың есептелген сыйымдылығына
қол жеткізу үшін жоғарыда көрсетілген (1-2)
қадамдарды 3-5 рет қайталау қажет
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖƏНЕ
КҮТУ
Техникалық қызмет көрсету алдында
аспапты аккумулятордан ажыратыңыз!
• Əрбір жұмыс аяқталғаннан кейін аспаптың корпу-
сы мен желдету тесіктерін жұмсақ матамен неме-
се салфеткамен кірден жəне шаңнан тазалауға
кеңес беріледі. Ластарды кетіру үшін бензин,
спирт, аммиак ерітінділері жəне с.с. еріткіштерді
пайдалануға болмайды. Еріткіштерді қолдану
аспаптың корпусының зақымдануына əкеп
соқтыруы мүмкін.
• Аспап
қосымша майлауды қажет етпейді.
• Бұзылған жағдайда SBM Group сервис қызметіне
хабарласыңыз.
• Li-Ion аккумуляторлары қайта өңдеуге жатады.
Олардың қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін
оларды ең жақын орналасқан арнайы ұйымға
немесе SBM Group сервис тобына өткізулеріңізді
сұраймыз.