Инструкция AEG 47035VD-WN — страница 5

Тип руководства: Инструкция ФорматФормат: PDF РазмерРазмер: 3,38 МБ СтраницСтраниц: 72 КатегорияКатегория: Плиты / Духовки / Печи ДобавилДобавил: ОлегUser49

Инструкция для AEG 47035VD-WN на русском языке. Документ можно использовать для ознакомления с информацией, относящейся к данной модели.

Инструкция представлена в формате PDF, просмотр, скачивание на компьютер, смартфон бесплатно. Возможность печати зависит от используемой программы и настроек устройства. Содержание, структура и объём документа могут различаться в зависимости от модели, версии и редакции руководства. Перед использованием рекомендуется убедиться, что инструкция соответствует вашей модели.

Назад
/ 72
Вперёд
Құрылғы қолданылатын елдегі заңдарды, жарлықтарды, нұсқаулар мен талаптарды
(қауіпсіздік ережелері, қайта пайдалану ережелері, электр немесе газ қауіпсіздігі
ережелері т.с.с.) толық орындаңыз.
Құрылғыны жылжытқан кезде абай болыңыз. Бұл құрылғының салмағы ауыр.
Əрқашан қорғаныс қолғабын киіңіз. Құрылғыны тұтқасынан тартпаңыз.
Құрылғыны орнату барысында оның қуат көзінен ажыратылғанына көз жеткізіңіз
(егер қажет
болса).
Осы құрылғы мен басқа құрылғылардың, заттардың арасындағы минимум
арақашықтықты сақтаңыз.
Құрылғыны тағанға қоймаңыз.
Электртоғына қосу
Құрылғыны тек білікті электрші орнатып, электр желісіне қосуға тиіс. Уəкілетті
қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Бұл құрылғының бөлшектерінің
бүлінуіне немесе адамның жарақаттануына жол бермейді.
Құрылғыны міндетті түрде жерге қосу қажет.
Техникалық ақпарат тақтайшасындағы электр параметрлерінің электр желісіндегі
параметрлерге сай келетініне көз жеткізіңіз.
Кернеу туралы ақпарат техникалық ақпарат тақтайшасында көрсетілген.
Сізде дұрыс
оқшаулағыш құралдар болуға тиіс: желіні қорғайтын ажыратқыштар,
сақтандырғыштар (ұстатқыштан алынған бұрандалы сақтандырғыштар), жерге
тұйықталудан қорғау тетіктері мен тұйықтағыштар.
Электрлік қондырғыда оқшаулағыш құрылғы болуға тиіс, ол құрылғыны барлық
магниттік полюстерде желіден ажыратуға мүмкіндік береді. Оқшаулағыш
құрылғының ені кем дегенде 3 мм түйіспе саңылауы болуға тиіс.
Тоқ соғуынан қорғайтын бөліктер құралсыз ажыратуға болмайтында етіп
орнатылуға тиіс.
Əрқашан дұрыс орнатылған, электр қатерінен сақтандырылған розетканы
қолданыңыз.
Электр құрылғыларын розеткаларға қосқан кезде, қорек сымдарын құрылғының
ыстық есігіне тигізбеңіз немесе жақындатпаңыз.
Көп істікшелі ашаларды, жалғастырғыштар мен ұзартқыш сымдарды қолданбаңыз.
Өрт шығу қаупі бар.
Құрылғының арт жағындағы электр ашасы (егер қолданылса) мен қорек сымының
жаншылып немесе бүлініп қалмағанына көз
жеткізіңіз.
Орнатып болғаннан кейін электр розеткасының қол жететін жерде тұрғанына көз
жеткізіңіз.
Құрылғыны ажырату үшін қуат сымынан тартпаңыз. Əрқашан ашасынан (егер
болса) тартып ажыратыңыз.
Қорек сымын ауыстырмаңыз немесе өзгертпеңіз. Қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
Қауіпсіздік туралы мағлұматтар
5
Скачать «AEG 47035VD-WN» — 3,38 МБ СкачатьСкачиваний: 0
Нашли ошибку?